06
Қыркүйек

«Таза қала – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

6 қыркүйек 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында бүгін Орал қаласында «AQ JOL» ҚДП БҚО филиалының ұйымдастыруымен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің белсенді студенттерінен құралған Ақжолдық жастардың қатысуымен «Таза қала – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.

Игі іс аясында №19 мектеп айналасындағы аумақ қалдықтардан тазартылып, жинақталған қоқыс ТҮКШ бөлімінің арнайы техникасы арқылы белгіленген орынға жеткізілді.

Бұл – «AQ JOL» партиясының БҚОФ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жүйелі бастамаларының бір парасы ғана. Табиғатты аялау – ортақ міндет!