23 қыркүйек 2025 жыл, Абай
облыстық филиалы
Абай облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге
асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық акциялар
жалғасуда.
Семей қаласында өткен тазалық шарасына
жастар, Полиция департаменті, этно-мәдени бірлестіктер мен «Ақ жол»
демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының мүшелері белсене қатысып,
Семей–Астана тасжолы бойын қоқыстан тазалады.
Акцияның мақсаты – өңір тұрғындары
арасында экологиялық мәдениетті дәріптеп, қоршаған ортаны таза ұстау дәстүрін
қалыптастыру.
Бұл жолы қала шетіндегі көрікті аймақ
тазартылып, 50-ден астам қатысушы табиғатты аялаудың үлгісін көрсетті.
«Қаламыздың тазалығы – барлығымыздың ортақ
міндетіміз. Сондықтан мұндай шараларға барша аймақ тұрғындарын белсенді
қатысуға шақырамыз», – делінді ұйымдастырушылар сөзінде.

