19 шілде 2024 жыл, Шымкент қалалық филиалы
«Ақ
жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының іс-жоспарына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық
акциясы аясында филиал төрағасының орынбасары
Даурен Босымбаев, филиал
қызметкерлері мен партиямыздың белсенді жастары іс-шара өткізді.
Шарада «Ақжолдықтар» қаламыздағы «Орталық» саябағында орналасқан «Алаш
жолы» ескерткішінің айналасын сыпырып
ретке келтірді және ескерткішті
шаң-тозаңнан тазалап, жуып шықты.
Аталған ескерткіш қаламызда 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай
орнатылған. Композициялық мүсіннің ортасында «Алаш» партиясының
көсемі Әлихан Бөкейханов, жанында Әлімжан Ермеков, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы,
Мұхамеджан Сералин, Жақанша Досмұханбетов және Халел Ғаббасов бар.
«Ақ жол» демпартиясының депутаттары 2007 жылдан бастап, Тәуелсіз Қазақстанның
парламенттік мінбесінен Алаш
ұстанымдарын мемлекеттік деңгейде көтеріп
келе жатыр.
Бүгінгі
іс-шара ұлт азаттығы үшін күрескен Алаш қайраткерлеріне сый-құрмет
көрсету , жастарды тарихты қадірлей
білуге, отаншылдық пен тазалыққа
тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Бұдан басқа партия белсенділері қала тұрғындары арасында «Алаш»
қозғалысы мен ұлт көсемдері туралы сауалнама жүргізіп, «Ақ жол» демпартиясы
шығарған «Алаш» кітапшаларын
таратты.