16 сәуір 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде кең көлемде жүзеге
асып жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Қазығұрт аудандық мәслихатының
депутаты, Қазығұрт аудандық “Ақ жол”
фракциясының жетекшісі, “Ақ жол”
партиясының мүшесі Айбек Молдасапар Ж.
Есіркепов атындағы мектептің бітіруші сынып түлектерімен бірге мектеп ауласында
ағаш отырғызды.
Бұл игі істің мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында табиғатқа жанашырлықты,
экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жердің көркеюіне үлес қосу. Ағаш
отырғызу – тек қана көгалдандыру емес, ол – болашаққа қалдырылған ізгі аманат.
Жасыл желек адам өмірінің сапасын арттырып, ауа тазалығын жақсартуға, жалпы
экологиялық ахуалды оңалтуға үлкен үлес қосады.
Бүгінгі түлектер ертеңгі ел тірегі. Олар үшін мұндай шаралар – туған
мектепке, туған жерге деген сүйіспеншілікті іс жүзінде көрсетудің бір жолы.
Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз!
