31
Мамыр

Тағзым мен тағылым: 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Қазақстан тарихындағы ең ауыр әрі қасіретті беттердің бірі — 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл – жазықсыз жапа шеккен миллиондаған азаматтың рухына тағзым етіп, олардың ерлік жолын ұлықтайтын күн.

Осы атаулы күнге орай, Абай облысында Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға:

“Ақ жол” демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы төрағасының орынбасары — Иманжапар Мұрат Тлегенұлы, Партия ардагері, елге белгілі азамат — Рахат Алтай, сонымен қатар жастар кеңесінің белсенді мүшелері қатысып, тарихи әділет жолында құрбан болған тұлғалар рухына тағзым етті.

Бұл шара — ұлт зиялыларының есімін ұлықтап, олардың аманатына адал болуға бағытталған тағылымды тәрбиенің көрінісі. “Ақ жол” партиясы тарихтан тағылым алып, ел мүддесі жолында еңбек еткен тұлғаларды ұмытпай, жас ұрпақтың рухани санасын қалыптастыру жолында жұмысын жалғастыра береді.