8 мамыр 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы
Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен тыл
еңбеккерлерінің ерлігі, қаһармандығы мен қайсарлығы үшін құрмет көрсету
мақсатында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты С.Ерубаев және облыстық филиал
төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Е.Юсупов және филиал қызметкерлері 95
жасқа толып жатқан тыл ардагерлері Қуанышкерей Самешов пен Сәдеш Есмұхановты арнайы барып
құттықтады. Кездесу барысында олар ардагерлерге зор денсаулық, отбасы амандығын
және ұрпақ қызығын көруді тіледі. Оларды келе жатқан мерекемен құттықтап, өмір
жолдарының әсерлі шақтарынан әңгімелерін тыңдап, гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтарын тапсырды. Ардагерлердің
соғыстан кейінгі жылдардағы қажырлы еңбектері мен ерен ерліктері бүгінгі ұрпақ
үшін үлгі екенің айта келе, бейбіт күн үшін оларға партия атынан алғыс
білдірілді. Тыл ардагерлері баталарын беріп, өз ризашылықтарын жеткізді.
Сондай Жеңіс күні қарсаңында облыстық мәслихат депутаттары К.Шин,
Н.Қайырденов, қалалық мәслихат депутаттары Б.Әжіғалиев пен В.Кулмагамбетов қала
және аудандардағы тыл ардагерлерінің шаңырағына барып, арнайы құттықтады.
Оларға ұзақ ғұмыр мен отбасылық береке тілеп, мерекелік сыйлықтарын тарту етті.
Алдағы уақытта да ардагерлерге құрмет көрсетіп, қолдау білдіру – басты
парызымыз бола береді.





