08
Мамыр

Тыл ардагерлеріне тағзым

8 мамыр 2025 жыл, Ақмола облыстық филиалы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Саят Сыздықов тыл еңбеккері Раиса Леонтьевна Гавриленконы арнайы құттықтады.

Соғыс басталғанда небәрі 5 жаста болған Раиса Леонтьевна үлкендермен бірге егіс даласында еңбек етіп, ауыр кезеңдерді бастан өткерді. «Бізді жидек пен балық аман алып қалды», – деп еске алады ардагер.

Жасөспірімдер де сол қиын-қыстау жылдары «Барлығы майдан үшін! Барлығы Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етіп, жеңіске өз үлесін қосты. Раиса Леонтьевна тың игеру жылдары ғана алғаш рет тоқ жүргендерін айтады.

Пошта саласында ұзақ жыл қызмет етіп, бүгінде Көкшетау қаласында тұрып жатқан ардагер – жастарға үлгі. Балалары жанында, қамқорлық көрсетіп келеді.

Кездесу соңында Раиса Леонтьевна елге тыныштық пен амандық тіледі.