04
Мамыр

Тілге қатысты депутаттық сауалым әлеуметтік желіде таралғанда бұрмаланған - Қазыбек Иса - "Inform.kz"

https://www.inform.kz/kz/tilge-katysty-deputattyk-saualym-aleumettik-zhelide-taralganda-burmalangan-kazybek-isa_a3929728

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мемлекеттік тілге қатысты депутаттық сауалына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселе депутаттық сауалдан кейін үш күннен соң әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып кетті. Біршама бұрмаланып кеткен. Сол кезде жауап беріп, түсіндіріп жазған едім . Атап айтқанда, ол Парламентте дауысқа түскен ешқандай заң емес, яғни «Ақ жол» фракциясының (27 сәуірдегі) депутаттық сауалын жариялаған едім. Сауал жариялағанда барлығы мені қолдап, депутаттар өз қалауымен қосылды. Қосылғандардың тізімі депутаттық сауалдың соңында жазылған», - деді Қ. Иса Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап беріп.

Өз кезегінде депутат Азат Перуашев Мәжілісте өзекті тақырып бойынша депутаттық сауал жарияланған кезде, кез келген депутат ешбір шектеусіз сауалды қолдай алатынын еске салған.

«Қоғамда сауалды қолдаған депутаттарды жақтап, қолдамағандарды сынға ала бастады. Негізі, басқа фракция депутаттарының сауалын қолдауға ешкім міндетті емес. Оған қарамастан, басқа фракциялардағы кейбір әріптестеріміз өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, бұл сауалымызды қолдағанына алғыс айтамыз», - деді А. Перуашев.