05
Қараша

Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы Қызылорда облысында кездесулер өткізді

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Қызылорда облысында жалғасты.

Кәсіпкерлермен және аграрлық сектор өкілдерімен кездесуде РҚШ мүшелері өңірдегі көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады.


Бұдан соң Қызылорда жылу электр орталығының ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында РҚШ мүшелері коммуналдық шаруашылық саласындағы кандидат ұсынған реформалар туралы айтып берді.

Осы күні РҚШ мүшелері айтыскерлермен және жыршылармен кандидаттың мәдениет пен өнерді дамытуға, сондай-ақ халықаралық аренада Қазақстанды бейбітшілік пен келісім, ізгілік пен толеранттылық елі ретінде танытуға бағытталған сайлауалды бастамаларын талқылады.


«Қазір біздің еліміз дамудың жаңа кезеңін бастан өткеріп жатыр және халықтың ертеңгі күнге деген сенімі зор. Әділдік бар жерде — халықтың ынтымағы да, өзара ауызбіршілігі де бекем. Мұндай қоғамның тұрақты дамитыны да сөзсіз. Барлығымыз алдағы сайлауға белсенді қатысуымыз қажет, себебі еліміздің ертеңгі тағдыры әрбіріміздің дауысымызға байланысты», - деп атап өтті жыршы Ұлжан Байбосынова.