27 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Тараз қалалық мәслихатының тұрақты комиссия отырысында балалардың жазғы
демалысын ұйымдастыру туралы мәселе қаралды. Жиынға қатысқан “Ақ жол” демпартиясынан
сайланған депутат Руслан Мырқалықов бұл мәселеге қатысты туындайтын сұрақ көп
екенін айтады. Халық қалаулылары есеп үшін оқушыларды неғұрлым көбірек жазғы
сауықтыру іс-шараларымен қамту ғана емес, олардың қауіпсіздігі назарда болуы
керек екенін еске салды.
Комиссия отырысында білім беру ұйымдарында балалардың жазғы демалысы мен
сауықтырылуын қамтамасыз ету іс -шараларының орындалу барысы туралы Р.Қожамжарова
баяндады. Тақырып аясында Э.Абдинованың баяндамасы тыңдалды.
“Күн тәртібінде көтерілген мәселелердің нақты шешілу жолдары
талқыланып,сауалдар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Сонымен қатар барлық
айтылған мәселелер бақылауда болатын болды”, - дейді депутат.