22
Мамыр

«Тірегіміз – тәуелсіздік, байлығымыз – бірлік, мақсатымыз – өрлеу» тақырыбында V-сессиясы

2024 жылы  22 мамыр күні Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Тірегіміз – тәуелсіздік, байлығымыз – бірлік, мақсатымыз – өрлеу» тақырыбында  V-сессиясы  өтті.  

Жиынға қала әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Ғабит Сыздықбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов,   қалалық ассамблея мүшелері, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, салалық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, аудан әкімдері, діни конфессиялардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, зиялы қауым өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. 

 "Ақ жол" ҚДП  Шымкент қалалық филиалынан партиямыздың белсенді мүшесі, "ASAA" жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, белсенді волонтер Данара Саранова қатысты.

          Сессия отырысында жиналғандар Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  жүктеген міндеттері мен тапсырмаларын жергілікті  деңгейде  жүйелі іске асырылуын, сондай-ақ Қазақстан халқы  Ассамблеясының 30 жылдығын өткізудегі іс-шаралар жоспары  талқыланды. Бұдан басқа   қоғамда этностық айырықшылығы бойынша кез келген көрінісіне, азаматтарды мәдени, тілдік, этностык немесе діңи негізде кемсітуге, арандатушылыққа төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру, халқымыздың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге, Қазақстан халқы Ассамблеясының  елде жүргізіліп жатқан реформаларды сүйемелеудегі  және мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы рөлін күшейту туралы  мәселелер қаралды.  Айта кету керек, бүгінде қала ҚХА жанынан 17 этномәдени бірлестік пен 7 құрылым қоғамдық негізде жұмыс істейді. Жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде жұмыс істейтін белсенділердің әлеуеті қоғамдық келісімді сақтау және қазақстандық патриотизмді насихаттау жөніндегі жобаларға шоғырланған. 

          Сессияда  "Ақжолдық" Данара Саранова   сөз сөйлеп,  Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар жобалары мен волонтерлік жобаларын қолдау қажеттігі туралы  ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. "Біздердің қоғамға өз үлесімізді қосуға, мұқтаж жандарға көмектесуге және әрбір жасқа жарқын болашақ ұсынуға мүмкіндігіміз бар. Волонтерлік жобалар қоршаған әлемді өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар біздің күнделікті өмірімізді бұдан да жақсырақ, бұдан да мейірімді және барлығымызды жауапты болуға бағыттайды" -деді Данара Саранова .

          Президент Қ.К. Тоқаевтың  Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында жүктеген міндеттері мен тапсырмаларына сәйкес «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалында бұл бағытта  іс-шаралар жоспары құрылды. Жоспар Шымкент қаласындағы  Қазақстан халқы Ассамблеясы, қала жастары мен волонтерлармен бірге іске асырылатын болады.