16 ақпан 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер
қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
мәжілісі өтті.
Комиссия отырысына облыс мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс
әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат
депутаттары Н.Әшіров, Ж.Ағабеков, Ғ.Қапалбаев, С.Арыстанов Т.Қалмуратов,
Е.Ералиев, С.Сейітжанов, С.Ералиев, Е.Хандиллаев, Т.Қаржауов, Г.Мәлікова,
қатысты.
«Ақ жол» партиясының өкілі, облыстық мәслихат депутаты, комиссия отырысын
комиссия төрағасы Сұлтан Көшенов жүргізіп отырды.
Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1. Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы басшысының басқармаға
жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
2. «Түркістан облысының басқару схемасы туралы» Түркістан облыстық
мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/235-VII шешіміне өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы;
3. Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2024 жылы атқарған
қызметі жөніндегі есептері;
4. Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының облыстық мәслихат қызметін
ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша 2024
жылы атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі
есебі;
5. «Түркістан облысының әкімдігі жанындағы «Түркістан облысының бизнесі»
өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық
мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы №38/415-VI шешіміне өзгерістер енгізу
туралы;
6. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы
№48/400-V «Оңтүстік Қазақстан облысына инвесторлар тарту және инвестициялық
ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы.