21 маусым 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
Түркістан облыстық мәслихатындағы кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылым, жер
қатынастары және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті
отырысы өтті.
Жиынды “Ақ жол” партиясының мүшесі, Түркістан облыстық мәслихатының
кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты
пайдалану комиссиясының төрағасы Сұлтан Көшенов жүргізді. Басқосуға облыстық
мәслихат депутаты Қанат Нышанов та қатысты.
Күн тәртібінде облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, басқармалар мен тексеру
комиссиясының есептері, жер және пайдалы қазбалар бойынша лицензиялардың
орындалуы, әкімдік құрамындағы өзгерістер және әлеуметтік маңызы бар қатынастар
мен жер төлемдеріне қатысты құжаттарға толықтырулар мен өзгерістер қаралды.
Барлық ұсыныстар бірауыздан қолдау тауып, сессия қарауына жолданды.


