18 наурыз 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
Түркістан облыстық Қоғамдық кеңестің ағымдағы жылдағы алғашқы отырысы өтті.
Кеңестің бірінші мәжілісіне Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы
Әлмаханұлы Әбішов, ҚР сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша
департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсетұлы
Әсілбек, сондай-ақ “Ақ жол” партиясының Түркістан облыстық филиал төрағасының
орынбасары Нұржан Есенбаев және кеңес мүшелері қатысты.
Жиынды қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы Полат
Мұратұлы Тұрсынбаев жүргізіп отырды.
Басқосуда Шардара, Арыс қаласы, Сайрам аудандарында индустриалды аймақ құру
бойынша әкімнің қаулысы қаралды. Жиында
Нұржан Толқынұлы қоғамдық кеңес мүшесі болып сайланды.
Жұмыс тобының және қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлері
негізінде ортақ шешім қабылданып, Түркістан облысының Қоғамдық кеңесінің
төрағалығына еңбек ардагері-қоғам белсендісі, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық
құрылтайдың мүшесі Байділдә Жылқышыұлы Жылқышиев сайланды.
- «Көпшілік Бәйділдә Жылқышыұлын жоғары ұйымдастырушылық және көшбасшылық
қабілеттерге ие, алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуде жауапкершілік пен
табандылық танытатын азамат ретінде біледі. Түркістан облысы Қоғамдық кеңесіне
үлкен сенім артылып отыр. Кеңестің алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін» -
деді кеңесте сөз алған Түркістан облысы
мәслихатының төрағасы Нұралы Әлмаханұлы.