13 сәуір 2024 жыл, «Ақ жол» демпартиясы Түркістан облыстық филиалы
Атырау облысында су тасқынының алдын алу шараларына «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиал өкілдері де жұмыла көмек беруге кірісті.
Республика көлемінде төтенше жағдай қызметкерлерімен иық тіресе халыққа көмек көрсету үшін 2 SHACMAN жүк көлігін, бір фронтальды жүк тиегіш жіберді.
«Су тасқыны сейіліп, жағдай орныққанға дейін біздің жүк
көліктеріміз халыққа көмек көрсететін болады.
«Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» демекші баршамыз бірігіп, қолдан келген
барлық көмекті көрсететін боламыз». Аталған арнайы техникалар су тасқынынан зардап
шеккен және әлі де қауіп төніп тұрған елді мекендерге бөгет салу және нығайту
жұмыстарына жұмылдырылады», - дейді «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық
филиал төрағасы Абзал Салықбаев.