26 шілде күні
халықты «Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының атқарып жатқан
жұмыстарымен таныстыру және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында
«Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мейрамбек
Беркімбаев пен партиядан сайланған Қызылорла қалалық мәслихатының депутаты
Мақсат Жүсіп Қызылорда қаласына қарасты Қызылөзек ауылдық округінің
тұрғындарымен кездесті.
Өз кезегінде
тұрғындар ауылға кіре берістегі көпірдің ескіргендігі сонша көлік жүруге қауіпті екендігіне шағымданды.
Сондай-ақ, ауылдағы электр тоғы
бағаналарының да ескіргендігін, яғни пайдалану мерзімінің өткендігін,
көгілдір отын (газ) мәселесі мен балаларға арналған ауылда балабақша жоқтығын жеткізіп, осы
мәселелердің шешімін табуға "Ақ жол" партиясы тарапынан ықпал жасауды
сұрады.
Кездесу соңында
ауыл ақсақалы Жиенбай Айдарәлі Ақжолдықтарға
бата беріп, жұмыстарына табыс тіледі.