Туризмді дамыту мәселесі қозғалды - 'Қазақ үні' газеті
Казак yнi (Алматы), № 10 (619), 11.03.2014,
Жуырда «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан сайланған Қазақстан Республикасының Парламент» Мәжілісінің депутаты Светлана Хайдарқызы Қыдыралиева Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласына келіп, ондағы мекемелер мен ұйымдарды, өндіріс орындарын, сондай-ақ байырғы Поперечное ауылын аралап көрді.
Жұмыс сапары барысында халық қалаулысы кәсіпкерлерге кызмет көрсету орталығының жұмыс барысымен танысып, Шығыс Қазақстанның әлеуметтік өміріне баса назар аударып, өз тарапынан қажетті көмегін ұсынды.
«Өскемен үн комбинаты» ЖШС мен Облыстық сот мекемесінің жұмыстарымен танысып, аймақтағы іргелі өндіріс ошағы саналатын Риддер қаласында болды.
Бүгінде Өскемен ұн комбинатына белгілі бизнесмен Ерлан Нұрбаевтың басшылығымен нарықта жұмыс жасап жатқанына он бес жылдай уақыт болып қалған. Негізінен еңбек ұжымы бидай және қара бидай дақылдарын ұн етіп тарту, кептіру, сақтау секілді тағы басқадай өндірістік үдерістерді атқарады. Сонымен қатар мұнда құрама жем өнімдері де жасалып өткеріледі. Бұл үн комбинаты өнімдеріне жоғары санасына сай арнайы сертификаттар берілген. Жалпы С.Х. Қыдыралиева Өскемен үн комбинатында болған кезінде, ондағы экономикалық даму қарқыны, жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы және облыстық сот мекемесіндегі кездесуінде Шығыс Қазақстан облысы судьяларының қазіргі уақытта Қазақстан заңдарына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға байланысты ұсыныстары туралы өз көзқарасын білдіріп, ой бөлісті.
Сонымен қатар Ұлан ауданындағы Ірі құс фабрикасының басшысымен ақжолдық депутат Светлана Хайдаркызы Риддер қаласына барған жұмыс сапары барысында ондағы «Авто-Форт» және «Риддер-ТрансСтрой» ЖШС (директоры О.А. Беляев) жұмыстарымен танысып, бүгінгі таңда бизнестің жол картасы бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанын көзімен көрді. Ал енді «Фирма «Эталон», «Артель Риддер» секілді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері басшыларымен болған кездесулерінде, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы жайлар қозғалып, бұл мәселедегі қол жеткен жетістіктер аталып өтті. Мысалы, «Артель Риддер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сергей Васильевич Андреевтің қала мешітін салу құрылысы мен Свято-Никольский храмын жөндеу жұмыстарына белсенді атсалысып, қолғабыс көрсеткені жұртқа үлгі-өнеге ретінде айтылды. Сондай-ақ ол жұмыс сапарының соңында облыстағы «Климовка» демалыс базасында болып, ондағы шығысқазақстандық туризмді дамыту проблемалары туралы пікір алмасты.