25
Ақпан

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш өтті

25 ақпан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Көктал ауылдық округінің әкімі Серік Қайпулдаевтың бастамасымен ауыл кітапханасында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасының шеңберінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Ауыл жастары ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді шырқап, поэзия оқыды. Мақатаевтың шығармашылығы мен өмірі туралы деректер айтылып, жыр кітаптарына шолу жасалды.

Сондай-ақ ауыл әкімі бұл күні Көктал орта мектебінде «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай өткізілген «Мамандықтар фестиваліне» қатысып, оқушыларға еңбек адамының қоғамдағы орны туралы әңгімелеп берді.