11 сәуір 2025 жыл, Атырау облыстық филиалы
2025 жылдың 29 наурыз күні Атырау қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты Кулмагамбетов Вадим Равильұлы № 11 округі
бойынша тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуге Атырау қаласының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі,
«Спецавтобаза» ЖШС, «Атырау Су арнасы» ЖШС, «Атырау Жарық» АҚ-ның өкілдері, Жол
полициясы қызметкері және Махамбет көшесі 128, 128а, 128б, 130, 130а, Азаттық
көшесі 60, 60а үйлерінің тұрғындары қатысты. Тұрғындар өздерінің көкейтесті
мәселелерімен бөліскен болатын.
Кездесу қорытындысы бойынша ақжолдық
депутат Атырау қаласының әкімі
Ш.Кейкінге депутаттық сауал жолдап, аталған үйлерде тұратын азаматтардың
талаптары бойынша мынадай нақты шаралар қабылдауды және орындаудың нақты
мерзімдерін көрсетуді сұрады:
1. Махамбет көшесіндегі № 128 үйдің кәріз құбырларын ауыстыру;
2. Қаңғыбас иттерді аулау;
3. Қоқыс жәшіктерін қолайлы жерге қою, өйткені жаңбыр кезінде оларға қол
жетімділік шектеулі;
4. Қоқысты уақтылы шығару;
5. Махамбет көшесіндегі № 128 Б және 130 а үйлерінің артындағы гараждардың
аумақтарын санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу;
6.Махамбет және Азаттық көшелерінің қиылысындағы көше бағдаршамына уақтылы
жөндеу жүргізу;
7. Үйлер арасында және ойын алаңының бойында су құбыры желілерін тарту үшін
жер қазу жұмыстары жүргізілген, бірақ траншея жабылмаған,соны қалпына келтіру;
8. Аула ішінде өсетін ағаштарды жазғы суару үшін су құбырын тарту;
Алда да тұрғындармен кездесулер болып тұрады, олардың өзекті мәселелері
мемлекеттік органдарға сауал ретінде жолданып, шешімдер алынады.


