Сондай-ақ, Внуково әуежайында Еуразиялық экономикалық комиссияның
қазақстандық қызметкерлерімен әңгімелестік. ЕАЭО ішіндегі сауда-экономикалық
қарым-қатынастардың дамуын, қазақстандық өндірушілер алдындағы өзекті
мәселелерді, олардың жоғары ұлттық реттеу шараларын әзірлеу кезінде келіссөз
үрдісіне қатысуы, өз бизнесін қолдау мен дайын өнімдердің экспортын жылжытудағы
мүше-мемлекеттердің озық тәжірибесін талқыладық.
ЕАЭО сәтті тәжірибесін ескере отырып,
өнеркәсіптің техникалық секторларын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге
әріптестердің септесуін сұрадым.