12 қазан 2021 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Алаш тарихына ден қойып, көмескі есімдер мен белгісіз оқиғаларды елге таныту жолында тер төгіп жүрген жас ғалымдар мен зерттеушілерге арналған жыл сайын өткізілетін «XXI ғасырдағы Алаштың ақ жолы» жалпыұлттық байқауына ұсынылатын жұмыстарды қабылдау мерзімі көпшіліктің сұрауы бойынша 2021 жылдың 1 қарашасына дейін ұзартылды.
Байқаудың басты мақсаты – Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық бағдарламасын және рухани мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде зерделеу мен насихаттау.
Байқауға Алаш қозғалысы тақырыбында зерттеулермен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы Қазақстан және шетел азаматтары өздерінің жұмыстарымен (эссе, мақала) қатыса алады.Қазақ және орыс тілдерінде жұмыстар қабылданады.
Байқау ережесінің толық нұсқасымен танысу үшін: