16
Ақпан

Зергерлердің зары: қарағандылық ақжолдықтар зергерлік бұйым өндірушілермен кездесті

16 ақпан 2024 жыл, "Ақ жол" демпартиясының Қарағанды облыстық филиалы

Партиямыздың Қарағанды облыстық филиалы зергерлік бұйымдарды өндірушілер мен  сатушылармен кездесу өткізді.

Ұлттық жобамыздың пилоттық шеңберінде, өнімді таңбалау – отандық зергерлік бизнесті қорғауға бағытталған деп болжанған болатын. Алайда өндірушілер мен бөлшек саудагерлер бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді.

Олардың айтуынша, таңбалауды енгізу – бизнестің құлдырауына және жеке тұлғалардың әл-ауқатының жақсаруына әкелуі мүмкін. Бұған дәлел ретінде мына мәселелерді айта өтті:

Қазақстанда бір ғана филиалы бар жалғыз сынақ палатасы жұмыс істейді. Палата қысқа мерзімде таңбалауды жасай алмайды, бұл шығындарға және өнімнің өзектілігін жоғалтуына әкеледі;

жұқа зергерлік бұйымды оның мөлшеріне байланысты тауарлық түрін жоғалтпай таңбалау мүмкін емес;

сынама құны әрбір өнім үшін жеке есептеледі, бұл кәсіпкер үшін қолжетімсіз сома, тұтынушылар үшін де зергерлік бұйымдардың бағасы қымбаттайды;

сынақ палаталарында бұйымдарды сынау кезінде бұйымдарды, бағалы металдар мен тастарды ауыстыру ықтималдығы бар.

Кездесуге қатысушылар таңбалау жалған бұйымдардың жасалуын алдын алуға және контрафактіні анықтауға көмектеспейтініне сенімді – аталмыш проблемалардың алдын алу үшін басқа шараларды қолдануға болады. Мысалы, алтын мен бағалы бұйымдардың кірісін бақылауда ұстау  мәселені оңтайлы шешер еді.