04
Маусым

Жаһанша Досмұхамедов атындағы көше атауы жаңартылды!

4 маусым 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Орал қаласындағы Жаһанша Досмұхамедов атындағы көше атауы жаңартылды!

Ескі, әбден тозған тақтайшаның орнына заманауи, айқын көрінетін жаңа нұсқасы орнатылды. Бұл – тек сыртқы көріністі жақсарту емес, Алаш арыстарының есіміне деген құрметті жаңғырту.

Аталған іске жергілікті кәсіпкер, “A4” жеке кәсібінің құрылтайшысы Акшалов Асланбек Ербулатұлы демеушілік танытып, тұрғындармен бірлесе отырып жүзеге асырды. Халық пен бизнестің ұлт мүддесіне ортақ үлесі – ең құнды серіктестік.

Жаһанша Досмұхамедов – Алаш Орда үкіметінің көрнекті қайраткері, заңгер, публицист. Ол қазақ мемлекеттігінің негізін қалауға бар ғұмырын арнаған. Оның есімі тек көше атауында емес, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталуы тиіс.

Ақ жол партиясы – Алаш мұрасын жаңғыртушы саяси күш.

Біз үшін Алаш – өткеннің естелігі емес, болашақтың бағдары.

Ұлттық сананы ояту – осындай нақты әрі мағыналы істерден басталады.