15 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
2025 жылғы 10 сәуір күні гибридтік форматта VIII шақырылған Жаңасемей
аудандық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясының үзілістен кейінгі отырысы
өтті.
Сессия жұмысына «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі, Абай облысы
Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы Әбілмажинов Ермек Төленұлы және 3
депутат тіркеліп, қатысты.
Күн тәртібінде 15 мәселе қаралды, оның ішінде:
• 2025–2027 жылдарға арналған
ауылдық округтер мен кенттердің бюджетіне өзгерістер енгізу;
• Аумақтық сайлау
комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу;
• Аудан әкімдігі мен бюджеттік
комиссиялардың құрамын бекіту туралы шешімдерге толықтырулар енгізу.
Барлық ұсынылған материалдар жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.