4 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Абай облыстық «Aқ жол» демократиялық партиясының мүшесі, Жаңасемей аудандық
мәслихатының төрағасы Ермек Төлегенұлы Абильмажиновтың төрағалығымен VIII
шақырылған Жаңасемей аудандық мәслихатының кезектен тыс Жиырма бірінші сессиясы
(үзілістен кейін) өтті.
Сессия гибридтік форматта ұйымдастырылып, депутаттар күн тәртібіндегі 17
мәселені қарады.
Басты тақырыптар — ауылдық округтер мен кенттердің 2025–2027 жылдарға
арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу және Қараөлең, Новобаженово, Озерки
ауылдық округтері әкімдерінің есептері болды.
Барлық ұсыныстар талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
«Ақ жол» — нақты іспен, әділ шешіммен!

