23 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Бүгін Жаңасемей ауданның әкімі Алмас Тәнібекұлы мен «Ақ жол» Демократиялық
партиясының мүшесі, Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы
Абильмажинов Ермек Төлегенұлы ауылдық округтер мен кентте өткен халықпен
кездесулерге қатысты.
Бекітілген күнтізбеге сәйкес Шүлбі кентінің, Новобаженово және Приречный
ауылдарының халықпен кездесулері өтті.
Кездесулер барысында әрбір ауылда жергілікті тұрғындар аудан әкіміне өз
сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Шүлбі кентінде жылу қазандығы, жолдарды жөндеу, көше жарықтандыру және
спорттық кешенді пайдалану бойынша сұрақтар қойылды.
Новобаженово ауылында мал қорығы, мал сою алаңы және жас мамандарды ауылға
келтіру бойынша мәселелер көтерілді.
Приречный ауылында балаларға ойын және спорт алаңдарын салу, ауыз су
сапасы, жолдарды жөндеу бойынша сұрақтар көтерілді.
Барлық қойылған сұрақтарға Алмас Тәнібекұлы нақты жауаптар беріп, қай
мәселе қалай және қашан шешілуі мүмкін екенін жеткізіп берді.
Аудан халқымен кездесулер жалғасатын болады.