20
Наурыз

Жаңаөзенде мұнайшы ардагерлерге құрмет көрсетіліп, ауызашар берілді

Мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын он екі айдың сұлтаны – Рамазан айының құрметіне және Амал мерекесі аясында «Бұрғылау» ЖШС және «МұнайФилдСервис» ЖШС мекемелері бірлесіп талай жылдар компания дамуына елеулі үлес қосқан әріптес зейнеткерлерімен көрісіп, ауызашар берді.

«Ақ жолдың» Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты, «МұнайФилдСервис» ЖШС бас директоры Нұрлан Белшер ауызашар дастарханының қадірлі қонақтарын қасиетті аймен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Рухани кешке келген қонақтарға діни білімге қатысты сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, сыйлықтар үлестірілді. Көптен көрмеген әріптестер бір-бірімен көрісіп, дастархан басында өткен-кеткенді естелік әңгімелерін айтты.

Ауызашар кешіне Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Исаханұлы, «KazPetroDrilling» АҚ вице-президенті Ербол Әбдіәшімұлы, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Нұрдаулет Игілікұлы, Жаңаөзен қалалық мәслихат хатшысы Ғалым Ұлықпанұлы қатысты.

Кеш соңында қариялар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді және құран оқылды.