«Ақ жол» Демократиялық партиясы ұйымдастырған «Әр қазақ менің - жалғызым»
дәстүрлі фотобайқауы қорытындыланды. Биылғы байқауға барлығы 31 автордан 160-қа
тарта жұмыс келіп түскен.
Жұмыстарды саралаған комиссия құрамында қазақ баспасөзінің мэтрі Қайнар Олжай,
фотожурналистер Мақсат Әділханов пен Ерлан Омаров секілді белгілі сала
мамандары болды.
Комиссия құрамы байқауға түскен жұмыстар жөнінде өз ойларын білдіріп,
еліміздің түкпір-түкпірінен жіберілген фотолар әр алуан тақырыптарды қамтыған
жоғары деңгейдегі туындылар екендігін атап өтті.
Комиссия шешімімен кәсіби фотографтар арасынан жаңаөзендік фотограф
Бақытжан Жұмағалиұлының туындылары үздік деп танылып, байқаудың II орынын
иеленді.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері естелік дипломдармен
және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.