06
Сәуір

“Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты еңсереміз”

https://t.me/peruash/11202

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.

 

 •Биылғы су тасқыны соңғы 80 жылдағы ең ауқымдысы. 

 

 •Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Ұлытау облыстарында Төтенше Жағдай  жарияланды;

 

 •Премьер-министр басқаратын республикалық штаб тәулік бойы жұмыс істеуде, вице-премьерлер зардап шеккен аймақтарға барып, қауіп жойылғанша жұмысты үйлестіреді;

 

 •Барлық зардап шеккендерге тиісті қаржылық және материалдық көмек көрсетіледі, Үкімет резервін пайдалануға бұйрық берілді;  

 

 • Өңірлерге көмекке армия мен Ұлттық гвардия бөлімшелері жіберіліп жатыр.

 

•Ең бастысы – азаматтардың амандығы.

 

Президент сондай-ақ БАҚ өкілдері мен блогерлерді сабырға шақырып, ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.

Мемлекет басшысының үндеуі жағдайдың толық Қ.Тоқаевтың жеке бақылауында екенін көрсетеді. Бұл ауқымды мәлімдемедегі ең маңыздысы – қоғамды осы апатты еңсеруде бірлік пен ынтымаққа шақыру деп білемін.  Алайда, Президенттің позитивті жолдауына қарамастан, жағдай қалпына келгеннен кейін өкілетті органдар мен басшыларының жауапкершілігін анықтау мәселесі жоғалмайды. Президент айтқандай, бұл сынақтан да сабақ аламыз.