02
Сәуір

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Ләйла Бесбаева Ақтөбе облысының тасқынның салдарынан үй-күйсіз қалған зардап шеккен тұрғындарына жылы киімдер мен көрпе-жастық жіберді

2 сәуір 2024 жыл, «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы

Бүгін партиядан сайланған Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Ләйла Бесбаева Ақтөбе облысының тасқынның салдарынан үй-күйсіз қалған зардап шеккен тұрғындарына жылы киімдер мен көрпе-жастық жіберді.

Көрпе-жастық, киімдер кәсіпкердің өзінің тігін цехынан шыққан бұйымдар. Өз өнімдерін, мұқтаж жандарға жөнелткен депутат қайырымдылық акциясына осылайша қомақты үлес қосып отыр.

Айта кету керек, бұл іске Үлгілі ауылдық округының тұрғындары да өз үлестерін қосуда.