18 қыркүйек 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының Меркі ауданындағы үйлестірушісі, «Меркі
шипажайы» бастауыш ұйымының төрағасы, шипажайдың басшысы Серік Мақажанов АЭС
салуды қолдау бойынша Меркі аудандық Халықтық штаб өкілдерімен бірге аудандағы
еңбек ұжымдарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Халықтық штаб мүшелерінің түсіндіру жұмыстары Меркі аудандық Жастар
орталығында да өтті.
Жиында Серік Мақажанов әлемдегі электр энергиясының тапшылығы туралы айта
келіп, елімізде энергия ресурстары бойынша импортқа тәуелділік барын сөз етті.
Кездесулерде 6 қазанда өтетін
жалпыхалықтық референдумның мәні мен маңызы туралы айтылды.