05
Қыркүйек

Жамбыл облысында АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы отырысы өтті

5 қыркүйек 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Партиялар және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірігуде.

Жамбыл өңіріндегі азаматтық қоғам институттарының өкілдерін бір арнаға тоғыстырған Халықтық штабтың отырысында АЭС салуды қолдау мәселесі талқыланды.

Жиынға «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының кеңес мүшесі, партия атынан облыстық мәслихатқа сайланған депутат Дәурен Ахметжаев қатысты.

Штаб отырысында еліміздегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу және экономиканы әртараптандыру сияқты маңызды аспектілер талқыланды. Штаб мүшелері АЭС салудың экологиялық қауіпсіздігі мен халықтың денсаулығына әсері туралы да сөз қозғады.