26
Ақпан

Жамбыл облысында комитеттің көшпелі отырысы өтті

26 ақпан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» Демпартиясының Жамбыл облыстық филиалының, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы, Мұқанбетәлі Шалқарбеков Жамбыл өңірінде өткен Парламент Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің Жамбыл облысында өткен көшпелі отырысына қатысты.

Жиында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров көшпелі отырыстың өңірде өткізілуінің мәні мен маңызына тоқталып, депутаттардың жұмысына сәттілік тіледі.

Отырыста аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев, комитет мүшесі Сәкен Арубаев, сондай-ақ министрлік өкілдері мен сарапшылар суару жүйелерін жаңғырту және су шаруашылығы мамандарын даярлау мәселесі бойынша баяндама жасады. Сала ардагерлері өз ұсыныстарын ортаға салды.