6 желтоқсан 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Бүгін «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы Жастар қанатының көшбасшысы
Қадыржан Есенов Дулати университетінде «Желтоқсан жадымызда жаңғырады» атты
дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Тарихтың ақтаңдақ кезеңі туралы деректі әңгімелер айтылған жиынға жас
зерттеушілер мен тарихшы мамандар қатысты.
Дөңгелек үстелде философия ғылымдарының кандидаты, доцент, Философия және
саясаттану кафедрасының меңгерушісі Дина Кульбаева Желтоқсан оқиғасы, жастардың
өр рухы мен жігері жайлы айтып өтті. Бірқатар деректерге тоқталды.
Қадыржан Есенов Қайрат Рысқұлбековтің өмірі туралы әңгімеледі. Өңірімізде
және елімізде Қайраттың есімін дәріптеу мақсатында атқарылып жатқан
іс-шараларға тоқталды.
Студенттер арасында ел тәуелсіздігі және азаттық күрестері жайлы зерттеп
жүргендер де бар екен. Жас зерттеушілер өз ой-пікірлерін ортаға салды.