18 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
18 мамыр күні Байзақ ауданы, Көктал ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.
«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы сайлауға партия атынан өз кандидатурасын
ұсынған Серік Қайпулдаевтың ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесуін
өткізді.
Кездесуге «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары
Сейсекүл Әбдісаттарова, филиал заңгері Жеңіс Сариев қатысты.
Жиынды ашып берген Сейсекүл Дүйсебайқызы Алаш идеясын жалғастырушы «Ақ жол»
партиясының кәсіпкерлік саласын дамытуға қолдау көрсетінін атап өтті.
Ақжолдықтар отандық өндірістің өркендеуіне тосқауыл болып отырған бюрократиялық
кедергілермен күрес жүргізіп жатқанын тілге тиек етті. Партия атынан ұсынылып
отырған кандидат Серік Қайпулдаевтың өмірбаянымен таныстырып, сайлауалды
бағдарламасында да осы бағыттар қамтылғанын жеткізді. Заңгер Жеңіс Сариев
сайлау өткізу және дауыс беру заңдылықтары туралы түсіндірді.
Филиал өкілдері тұрғындарды ақжолдық кандидатты қолдауға шақырды. Өз
кезегінде тұрғындарға сайлауалды бағдарламасын таныстырған Серік Қайпулдаев
ауылға инвестиция тарту – экономикалық серпін беретінін айта келіп,
агробизнесті дамыту қажеттігін қозғады. Кандидаттың жобасында кезегін күткен
әлеуметтік мәселелер де тыс қалмаған.
18 мамыр күні өтетін ауылдық округ әкімінің сайлауында партияласымызға
сәттілік тілейміз!