26 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Жамбыл облыстық мәслихатының шешімімен облыстық жер комиссиясының жаңа
құрамы бекітілді.
Комиссия құрамына «Ақ жол» партиясынан сайланған облыстық мәслихаттың
депутаты Дәурен Ахметжаев, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Жамбыл облысы
кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшесі Руслан Мырқалықов енді.
Бүгін жер комиссиясының кезекті отырысы өтіп, жиында өндіріс және құрылыс
жұмыстары үшін жер учаскелерін беру мәселелері күн тәртібіне шығарылды.
Атап айтқанда, «Alina holding» ЖШС-не мәрмәрланған әктасты өндіру
жұмыстарын жүргізу, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ-не қосалқы басқару бекетінің
құрылысын салу, «Байелі» ШҚ құм-шағал қоспасын өндіру үшін жер пайдалану
құқығын беру мәселелері. Комиссия мүшелері алғашқы екеуіне қатысты тиісті
шешімдер қабылдап, үшінші мәселеге қатысты қарастырылып отырған жер учаскесі
елді мекенге жақын болғандықтан және басқа да кері факторларды ескере келе,
ұсынымды кері қайтарды.