26 мамыр 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
«Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты Жамшитбек Туламетов Сайрам ауданына
қарасты №7 Бабыр атындағы жалпы білім беретін мектеп түлектерін, жаңа өмір
баспалдағына шығарып салу кешіне қатысты.
Соңғы қоңырау - мектеп бітіруші түлектерді ерекше тебірентіп, кеудеге
қимастық сезімін ұялататын сәт. Депутат ұрпақ тәрбиесінде адал еңбек етіп
жүрген ұлағатты ұстаздарға алғысын білдіріп, түлектерге сәттілік тіледі.
«Құрметті ұстаздар, жас түлек! Сіздерді бүгінгі тебіреніске толы қимастай
болған соңғы қоңырау соғылған күнмен құттықтаймын! Мектеп, ұстаз жайлы жыр
жазбаған ақын жоқ деуге болады. Өйткені кез келген адам үшін балалық шағының
өткен жері, білім алған алтын ұясы ерекше ыстық. Алдағы үлкен өмір, биік
қадамдарыңызға сәттілік тілеймін! Жолдарыңыз ақ болсын!» - деді депутат.

