26 наурыз 2025 жыл, Астана қалалық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Астана қалалық филиалының депутаты Күлмағамбетова Жанаргүл
Жұмабайқызы Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Нико Схермес пен оның жұбайы Элла Алавердянмен кездесті.
Елші мен оның жұбайы депутаттан Likeminded Club-ты кеңейтуге және әйелдерге
арналған әлеуметтік хаб құруға қолдау көрсетуді сұрады. Бұл хаб түрлі
бастамаларды дамытуға және қайырымдылық жобаларын қолдауға бағытталған.
Күлмағамбетова Ж.Ж. бұл жобаны сүйемелдеп, оның іске асуына және
мемлекеттік құрылымдармен, халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылына
жәрдемдесетін болады.