14 мамыр 2025 жыл, Астана қалалық филиалы
Кеше, азаматтардың көпсанды өтініштері бойынша, ҚДП «Ақ жол» Астана қалалық
филиалы атынан мәслихат депутаты Жанаргүл Күлмағамбетованың азаматтарды жеке
қабылдауы өтті. Іс-шара AU HUB-тағы Әйелдер бастамалары орталығының қолдауымен
ұйымдастырылып, оған 15-тен астам адам қатысып, жеке және әлеуметтік маңызды
сұрақтарын қойып, өзекті тақырыптарды талқылап, кәсіби кеңестер мен қолдау
алды.
Жанаргүл Жұмабайқызы — сондай-ақ мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп
және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі. Бұл аталған
салалар бойынша өтініштерді терең әрі жан-жақты қарауға мүмкіндік береді.