16
Наурыз

Жанаргүл Қүлмағамбетова «Қалаларды трансформациялау және аумақтарды дамыту негіздері » бағдарламасын өтті

16 наурыз 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

2025 жылғы 14-16 наурыз аралығында Астана мәслихатының депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының Астаналық қалалық филиалының өкілі Жанаргүл Қүлмағамбетова «Қалаларды трансформациялау және аумақтарды кешенді дамыту негіздері» бағдарламасы бойынша (27 сағат) оқыту бағдарламасын өтті. Бағдарлама Q88 Тұрақты аумақтық даму қауымдастығы тарапынан ұйымдастырылды.

Бағдарлама аясында қала құрылысы, тұрақты даму, заманауи урбанистикалық шешімдер және қалалық ортаны тиімді жоспарлау мәселелері қарастырылды. Экологиялық тұрақтылық, көлік қолжетімділігі, қоғамдық кеңістіктерді жақсарту және жайлы қала ортасын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар қалалық инфрақұрылымды дамытудағы озық тәжірибелер мен жаңа тәсілдерді зерделеп, оларды астананың стратегиялық дамуына және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағыттауға мүмкіндік алды. Мұндай білім беру бастамалары депутаттардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге және қалалық ортаны жақсартуға бағытталған тиімді шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.