3 сәуір 2025 жыл, Астана қалалық филиалы
Астана мәслихатындағы «Ақ жол» фракциясының депутаты Жанаргүл
Қүлмагамбетова елордалық ШОБ өкілдеріне тегін кеңес өткізді. Кездесуде салық
салу, қаржылық басқару және халықаралық әріптестік мәселелері талқыланды.
Депутат салықтық және бухгалтерлік есептің негізгі аспектілерін, бизнесті
дамыту стратегияларын түсіндірді. Қатысушылар бұл тақырыптардың кәсіпкерліктің
табысты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, жиында «Ақ жол» ҚДП-ның бизнес құқықтарын қорғау және
кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы ұстанымдары мен атқарылған жұмыстары
таныстырылды.