10
ақпан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан Сарысу аудандық
мәслихатына сайланған депутат Жанбота Басие сайлаушыларымен кездесу өткізді.
Бүркітті, МЭЗ елді мекендерінде өткен есеп
беру кездесулерінде Жанбота Басие бір жылда атқарған депутаттық жұмыстарының
қорытындысын баяндады. Биылғы жоспарларымен бөлісіп, тұрғындардың қойған
сұрақтарына жауап берді.
Жиында МЭЗ тұрғыны Өмірзақ Айтбаев жас
депутаттың белсенді жұмысына көңілі толатынын жеткізді. Д.Қонаев атындағы орта
мектепке баратын жаяу жүргіншілер жолының жай-күйін назарға алуды ұсынды.
Ал Бүркітті елді мекенінің тұрғыны Серік Мейрамов депутаттың араласуымен жөндеуден өткен футбол алаңы, жаңадан салынған ойын алаңының ел игілігіне қызмет етіп жатқанын айтты. Сондай-ақ 16 көше жарықтандырылғанына ризашылығын жеткізді. Бүркітті мен Жаңатас қаласы арасындағы жолаушылар тасымалының тұрақты қатынауын назарға алынса деп мәселе көтерді.