26
Қыркүйек

Жанбота Басие Жаңатас қаласындағы құрылыс нысандарына зерделеу жүргізді

26 қыркүйек 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Сарысу аудандық мәслихатының депутаты Жанбота Басие жұмыс тобымен бірге Жаңатас қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, зерделеу жүргізді.

Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес арнайы жұмыс тобы құрылып, депутаттар қаладағы құрылыс нысандарының сапасын бақылауға алған болатын.

«Қала әкімі Ілияс Домалақов пен тиісті бөлім мамандары атқарылған жұмыстар мен алдағы құрылыс жобалары туралы баяндады. Депутаттар қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, бейнебақылау камераларын орнату қажеттігін ескертті. Зерделеу барысында зер салғаным - қаладағы өзен арналарын тазалап, көшелерді жарықтандыру керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жол белгілері орнатылуы тиіс. Бұдан бөлек саябақтарды абаттандыру және балалар ойын алаңдарын салу сияқты жобалардың сапасы да қадағалауды қажет етеді. Депутаттар тарапынан  қараусыз жіберген мал иелерін заң аясында жауапқа тарту, санитарлық тазалықты сақтау және қаланың көркейту шараларын жүйелі жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар да айтылды», - дейді Жанбота Басие.