14 маусым 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясының өкілі, Тарбағатай аудандық мәслихатының
депутаты Жанна Сәкетаева тұрғындарға есеп беріп, кездесу өткізді. Жыл бойы
атқарылған жұмыстарға шолу жасап, халықпен кері байланыс орнатты.
Депутат халықаралық маңызға ие Омбы – Майқапшағай автожолының құрылысына
қоғамдық бақылау жүргізілгенін атап өтті.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесі бірнеше рет
көтеріліп, нәтижесінде тиісті мекемелерге ұсыныстар жолданған.
Ауылдарда балалар алаңдарын салу, денсаулық сақтау саласындағы түйткілдер
де назардан тыс қалған жоқ.
Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысының сапасына қатысты шағымдар бойынша жеке
бақылау жүргізіліп, жауапты органдарға нақты сұраныстар жолданған.
Жеке азаматтардан түскен өтініштер де назардан тыс қалмай, нақты жұмыстар
атқарылды.
"Ақ жол" партиясы ел мүддесі жолындағы ашықтық пен
жауапкершілікті басты орынға қояды.