12 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» Демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы төрағасының
орынбасары Иманжапар Мұрат Тлегенұлы Жарма ауданы, Үшбиік ауылындағы «Ақ жол» партия
мүшелерімен, ауыл белсенділері және ақсақалдар ақысымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Мұрат Тлегенұлы «Ақ жол» партиясының ұстанымдары мен
негізгі саяси бағыттарын таныстырып, партияның басты мақсаты – әділеттілік пен
демократиялық құндылықтарды нығайту екенін атап өтті.
Ауыл тұрғындары көтерген бірқатар өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады.
Талқылау барысында әлеуметтік және инфрақұрылымдық проблемалар жөнінде
ұсыныстар айтылып, оларды шешу жолдары қарастырылды. Партия өкілі бұл
мәселелерді тиісті деңгейде көтеруге уәде берді.
Кездесу соңында ауыл және мектеп кітапханаларына, сондай-ақ белсенді
азаматтарға кітаптар табысталып, алғыс білдірілді.


