3 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
“Ақ жол” партиясынан сайланған Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының депутаты Қарақанов Марат Жарма аудандық
мәслихаттың кезектен тыс 21-сессиясына қатысты.
Кезектен тыс сессияда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды
бірнеше мәселе қарастырылды. Атап айтқанда, 2025-2027 жылдарға арналған
аудандық бюджетке енгізілетін өзгерістер талқыланып, қаржыландыру бағыттары қайта
қаралды. Бұл өзгерістер өңірдің инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік жобаларды
іске асыру және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында енгізіліп отыр.
Сонымен қатар Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және учаскелік
сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі шешімдерге өзгерістер
енгізу мәселесі күн тәртібіне қойылды. Сайлау үдерісінің ашықтығы мен әділдігін
қамтамасыз ету үшін комиссиялардың құрамын қайта қарау қажеттілігі айтылды.
Сессия барысында халық мүддесіне бағытталған бірқатар маңызды шешімдер
қабылданды.