28
Сәуір

Жарма аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті

28 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Жарма аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Жарма аудандық мәслихатының депутаты, “Ақ жол” демократиялық партиясының мүшесі Қарақанов Марат қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1.      Жарма аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясының күн тәртібін бекіту;

2.      2024 жылғы 26 желтоқсандағы №20/370-VIII шешіміне сәйкес “2025–2027 жылдарға арналған Жарма ауданының бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізу;

3.      2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10/185-VIII шешіміне сәйкес “Жарма ауданының аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы” шешіміне өзгерістер енгізу;

Сессия барысында барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.