27
Мамыр

Жарма ауданында кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы өтті

27 мамыр 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

2025 жылғы 27 мамыр күні Жарма аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы өтті. Сессияда 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №20/370-VIII “2025-2027 жылдарға арналған Жарма ауданының бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Аталған маңызды жиынға Жарма аудандық мәслихатының депутаты, “Ақ жол” демократиялық партиясының белсенді мүшесі Қарақанов Марат қатысты.

Сессия барысында ауданның  әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен бюджет шығындарын қайта қарау, тиімділікті арттыру жолдары талқыланып, нақты шешімдер қабылданды.