10 сәуір 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы
Іс шараға қатысқан «Ақ жол» ҚДП Павлодар филиалы төрағасының орынбасары
Гүлмира Мусинова партиясының идеологиялық ұстанымдары туралы баяндады.
«Алаш» қозғалысының қалай дамығаны туралы, Павлодар облысында да мәдени
жаңғыру, ұлттық бірегейлік және саяси тәуелсіздік үшін күреске елеулі үлес
қосқан, бүгінде есімдері аз насихатталған осы қозғалыстың жергілікті
қайраткерлері туралы ҚР Жазушылар одағының мүшесі Айбек Оралханов мазмұнды
баяндама жасады.
Оқушылар ХХ ғасырдың басындағы Павлодар облысының және жалпы Қазақстанның
қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқан «Алаш» қозғалысының мүшелері мен
олардың өмірбаяндары туралы мол мағлұмат алды.
Сонымен қатар, Айбек Оралхан жас ұрпақты «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»
жалпыұлттық байқауына қатысуға шақырып, оның шарттары мен маңыздылығын
түсіндірді.