07
Наурыз

Жас пікірсайысшылар – ел болашағы

7 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

“Ақ жол” демократиялық партиясы әрдайым жастарды қолдауды, олардың саяси мәдениетін қалыптастырып, белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуды басты мақсаттарының бірі санайды. Осы орайда, Абай облыстық филиалының мүшелері еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға өз үлесін қосып келеді.

“Азамат” тележобасында біздің үздік пікірсайысшыларымыз өз өнерлерін көрсуде, озық ой, ұтқыр шешендік, терең білім мен көшбасшылық қабілеттерін дәлелдеуде. Солардың ішінде Серікқазы Нұрқадыр мен Рымқұлов Асылжан өздерінің ерекше дайындығымен және сенімді ұстанымдарымен көзге түсуде.

Пікірсайыс – саяси көшбасшыларды тәрбиелеудің құралы.

“Ақ жол” демократиялық партиясы пікірсайыс қозғалысын жастардың сыни ойлауын дамытудың, мемлекеттік саясатқа бейімделудің және жауапкершілікті азаматтық позицияны қалыптастырудың маңызды алаңы деп біледі. Серікқазы Нұрқадыр мен Рымқұлов Асылжанға  сәттілік тілейміз!

“Ақ жол” демократиялық партиясы Абай облыстық филиалы дарынды жастарды мақтан тұтады және олардың әр жетістігі – бүкіл қоғам үшін маңызды құндылық деп біледі.